МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
1.1. Орта білім беретін ұйымның кiтапханасының (әрі қарай мектеп кітапханасының) пайдаланудың үлгі қағидалары орта білім беретін ұйымның кітапханасы туралы ереже негізінде әзірленді.
1.2. Мектеп кiтапханасын пайдалану қағидалары – оқырманның кітапханамен өзара қарым-қатынасын бекітетін құжат және оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың жалпы тәртiбiн, кітапхана қорына қолжетімділік тәртібің, оқырмандар мен кітапханашының құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
1.3. Кітапхана білім беру үдерісінің барлық қатысушылары – мектеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға (әрі қарай оқырмандарға) жеке және өздігінен білім алу жұмысы үшін кітапхана және ақпарат-библиографиялық қызмет көрсетудiн дәстүрлі нысандары мен әдістерін пайдалана отырып білім беру және педагогикалық ақпаратқа еркін қолжетімділікті ұсынады.
1.4. Кітапхананың жұмыс режімін орта білім беретін ұйымның ішкі еңбек тәртiбi қағидаларына сәйкес мектеп директоры белгілейді.
1.5. Оқырман-оқушыларға қызмет көрсетудің саралы тәсілін қамтамасыз ету үшін оқушылардың жекелеген топтарына сыныптарымен белгілі бір күндерді (сағаттарды) бөлу арқылы кітапхананың жұмыс кестесі әзірленеді.
Кітапхана меңгерушінің лауазымдық міндеті: Шагирбаева Индира
Жалпы ережелер
1.1.Орта білім беретін ұйымның кітапхана меңгерушісі ( әрі қарай кітапхана меңгерушісі) құрылымдық бөлімшенің басшысы болып табылады, орта білім беретін ұйым (әрі қарай мектеп ) директорының бұйрығымен қызметіне тағайындалып , одан босатылады және мектеп директорына тікелей бағынады.
1.2.Кітапхана меңгерушісі қызметіне :
- еңбек өтілі талап етілмейтін жоғары немесе орта кітапхана білімі;
- әрі қарай курстық даярлығымен кітапхана білімдерінің мимимумын тапсырғаннан кейінгі бір жылдан кем емес жұмыс өтілімен жоғары немесе, орта педагогикалық білімі бар тұлға тағайындалады.
1.3.Кітапхана меңгерушісі педагогика ұжымының мүшесі болып табылады және мектептің педагогика кеңесінің құрамына енеді .
1.4.Кітапхана меңгерушісінің демалысы және еңбекке уақытша жарамсыздығы кезеңінде оның міндеттері кітапханашыға жүктелуі мүмкін.
1.5.Кітапхана меңгерушісі өз қызметінде :
- Қазақстан Республикасының Конститутциясын;
- білім мен мәдениеттің дамуын белгілейтін Қазақстан Республикасының Заңдарын ,Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің бұйрықтары мен өкімдерін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалықғылыми-педагогикалық кітапханасының (ҚР БҒМ РҒПК) әдістемелік ұсынымдарын;
- облыстық білім басқармасының, қалалық (аудандық) білім бөлімінің бұйрықтары мен өкімдерін;
- мектеп Жарғысын;
- мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;
- мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
- мектеп кітапханасы туралы Ережені;
- осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.6.Кітапхана меңгерушісі:
- Қазақстан Республикасының Конститутциясын;
- білім мен мәдениеттің дамуын белгілейтін Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің бұйрықтары мен өкімдерін ;
- облыстық білім басқармасының , қалалық(аудандық) білім бөлімінің бұйрықтары мен өкімдерін;
- мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
- кітапхана ісінің теориясы мен практикасын;
- отандық және шетел әдебиетін;
- еңбекті қорғау ,қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.
Функциялары
Кітапхана меңгерушісіне мынадай функциялар жүктеледі:
2.1.Білім беру ,ақпарат және мәдениет орталығы ретіндегі мектеп кітапханасының жұмысын мектептің негізгі даму бағыттарына сәйкес ұйымдастыру.
2.2.Оқу тәрбие үдерісін,басшылықтың,педагогика ұжымының және оқушылардың( әрі қарай оқырмаандардың) өздігінен білім алуын кітапхана және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету құралдарымен қамтамасыз ету.
2.3.Оқырмандарда тәуелсіз кітапхана пайдаланушысының дағдыларын қалытастыру:кітапты және басқа да ақпарат көздерін пайдалануға,ақпаратты таңдау мен іздестіруге үйрету.
2.4.Дәстүрлі кітапхана-ақпарат технологияларын жетілдіру, жаңаларын меңгеру мен ендіру.
Лауазымдық міндеттері.
Кітапхана меңгерушісі мынаған міндетті:
3.1.Мектеп кітапханасы туралы Ереже сәйкес мектеп кітапханасының негізгі қызметі мен міндеттерін ұйымдастыруға және қамтамасыз етуге және өз құзіреті шегінде кітапхана қызметі үшін дербес жауап береді.
3.2.Кітапхананың ұйымдастыру-реттеуші және технологиялық құжаттамасын: Мектеп кітапханасы туралы Ережені; Мектеп кітапханасын пайдалану қағидаларын; Мектеп кітапханасы қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын; жұмыстың перспективалық және жылдық жоспарларын;мектеп кітапханасының жылдық жұмыс жоспарын және т.б. мектептің оқу-тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес әзірлеуге және қажетіне қарай түзетуге ; оларды мектеп директорының бекітуіне ұсынуға.
3.3.Кітапханалық есеп-қаржы құжаттамасын:кітапхана қорының жиынтық есеп кітабын; мүкәммал кітаптарын(салалық және оқу құжаттарының); кітапхананың жұмыс күнделігін; жоғалған орнына алынған кітаптардың есеп дәптерін ; құжаттардың түсімі мен есептен шығарылуына арналған актілер мен накладнойларды; қорды түгендеу мен тексеруді жүргізу туралы актілерді; орындалған библиографиялық анықтамалардың есеп журналын; мерзімді басылымдардың тіркеу картотекасын жүргізуге.
3.4.Мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес мектептің қажеттіліктері мен өзгешелігіне сай кітапхананың жұмыс режімін қамтамасыз етуге.
3.5.Оқырмандарға қызмет көрсету үшін қолайлы және жайлы жағдай туғызуға , кітапхана бөлімдерінің эстетикалық безендірілуіне жауап беруге.
3.6.Кітапханада компьютер мен көшірмелеу-көбейту техникасы болған жағдайда техникалық құралдар мен ақпарат технологияларын жұмысқа ендіру мен пайдалануға.
3.7.Мектептің білім беру бағдарламаларына, оқу жоспарына және оқырмандардың ақпарат сұраныстарына сәйкес кітапхана қорын дәстүрлі баспа және электронды ақпарат тасығыштардағы (СD-ROM, мультимедиа ) білім беру ісі мен педагогикалық әдебиеттермен ( оқушылар мен мұғалімдерге арналған оқу, көркем , ғылыми-көпшілік , жалпы сипаттағы және білім салалары бойынша анықтама әдебиеті, оқу-әдістеме құралдары) құруға.
3.8.Белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарды техникалық және ғылыми өңдеу жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге.
3.9.Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын:дәстүрлі кәртішкелік алфавиттік және жүйелі каталогтарды, мақалалардың жүйелі картотекасын, тақырыптық картотекаларды және олардың электронды нұсқаларын (электронды каталогты ) ұйымдастыруға және жүргізуге (оқушыладың жас ерекшеліктерін ескере отырып).
3.10.Оқырмандарға абонементте және оқу залында ұтырлы,сапалы саралы кітапхана және ақпарат-библиографиялық қызмет көрсетуді; оқу жылының басында оқулықтарды жаппай беру және соңында жинап алуды ұйымдастыруға және жүргізуге.
3.11.Кітапхана жұмысының жеке, топтық және көпшілік нысандары мен әдістерін: әңгіме- сұхбаттарды , көрмелерді, библиографиялық шолуларды, кітаптарды талқылауды, оқырмандар конференциясын, әдеби кештерді, викториналар мен т.б. пайдалана отырып кітапхана қорын насихаттау жұмысын ұйымдастыруға және жүргізуге.
3.12.Құжаттардың жүйелі-алфавиттік орналасуын оқырман-оқушыларға арналған тақырыптық және жанрлық кітап көрмелерін ұйымдастыру мен үйлесімде қамтамасыз етуге.
3.13.Кітапханада тиісті санитариялық-гигиеналық режимді; кітапхана қорларының ұтымды орналасуын, санитариялық-гигиеналық сақтау режімі мен сақталуын, өрт қауіпсіздігі шараларын оқулықтарды жеке бөлмелерде сақтауды қамтамасыз етудің қолданыстағы нормаларына сәйкес қамтамасыз етуге.
3.14.Кітапхана қорының сақталуы жөніндегі алдын алу шараларын қамтамасыз етуге және жүргізуге: еркін қолжетімділік жағдайында оқырмандарға берілген құжаттардың шығарылмауына тиісті бақылауды жүзеге асыруға; оқырман-оқушылармен және ата-аналарымен (олардың орнындағы адамдармен) әңгімелер өткізу; оқырмандардың құжаттарды уақтылы қацтаруын бақылауға ; мұғалімдермен және кітапхана активімен бірлесе отырып оқулықтардың сақталуы жөніндегі рейдтер жүргізуге; құжаттарды шағын жөндеуді ұйымдастыруға және т.б.
3.15.Қорды жүйелі тексерістерді ұйымдастыруға жәнежүргізуге, кітапхана қорынан тозған, ақаулы, мазмұны ескірген, басы артық дублетті, бейінді емес, аз қолданылатын және жоғалған әдебиеттерді қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге және мектеп директорының бұйрығына сәйкес шығарып тастауға.
3.16.Оқырмандардан жоғалтқан немесе бүлдірген орнына құжаттар қабылдау жұмысын жүргізуге.
3.17.Басшылыққа саралы қызмет көрсетуге және ақпаратты саралап тарату жүйесі бойынша мектеп басшылығы мен педагогика ұжымын педагогика мен білім беру ісі жөніндегі жаңа әдебиеттер туралы жүйелі түрде құлағдар етіп отыруға.
3.18.Тақырыптық ,атаулы, библиографиялық анықтамаларды орындау, олардың есебін жүргізу.
3.19.Мектептің оқу жұмысына көмек ретінде библиографиялық көрсеткіштерді, әдебиеттер тізімдерін әзірлеуге .
3.20.Кітапхана оқырмандарына ақпарат таңдау мен іздестіруде кеңесшілік және нақты көмек (жеке,топтық, көпшілік ) көрсетуге.
3.21.Белгіленген тәртіппен (кесте, жоспар бойынша ) кітапхана-библиография білімдерінің негіздерін насихаттау жөніндегі факультативтік сабақтар, үйірмелер жүргізуге .
3.22.Кітапхана қызметінің мониторингін (оқырман формулярларын талдау, кітапхана қорын пайдалану, кітаппен қамтылу, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіктері және т.т.) жүзеге асыруға.
3.23.Кітапхананың нақты жұмысына қатыстыру мақсатында оқырман-оқушылар қатарынан кітапхана активін; іс-шараларды жүзеге асыруда және кітапхана жұмысының көкейкесті мәселелерін қарастыруда нақты көмек көрсету мақсатында кеңесші орган құқығындағы кітапхана кеңесін құруға.
3.24.Оқырмандардың ақпараттық қажеттіктерін аса толығымен қанағаттандыру мақсатында өңірдің кітапханаларымен өзара іліктесуге.
3.25.Кітапханалардың озық жұмыс тәжірибелерін зерделеу және оны қолданысқа ендіруге.
2.26.Кітапхананың атқарған жұмысы туралы мектеп директорының алдында тұрақты түрде есеп беріп отыруға.
Құқықтар.
Кітапхана меңгерушісінің мынаған құқықтары бар:
4.1.Кітапхана қызметіне кіретін мәселелер бойынша шешімдерді дербес қабылдауға; мектептің оқу-тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес оқу-білім беру және тәрбие үдерістерін кітапханалық және ақпараттық-библиографиялыққамтамасыз етудің нысандары мен әдістерін дербес жоспарлауға және таңдауға;
4.2.Мектептің педагогика ұжымының отырыстарына кеңесшілік дауыс құқығымен қатысуға .
4.3.Мектеп директорынан , оның орынбасарынан және облыстық білім басқармасының , қалалық (аудандық) білім бөлімінің мектеп оқулықтары қорлары жөніндегі маманынан нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы ақпаратты алуға, кітапхана қызметін жүзеге асыру мен лауазымдық міндеттерін тиімді пайдалануға қажетті тиісті құжаттармен танысады.
4.4.Оқушылар арасында оқуды насихаттау мәселелері бойынша кітапхананың педагогика ұжымымен бірлескен жұмысын үйлестіруге; мектеп директорының рұқсатымен мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарын ( олардың орнындағы адамдарды) әдебиеттерді насихаттау жөніндегі кітапхана шараларын ұйымдастыру мен өткізуге және т.т. қатыстыруға.
4.5.Кітапханашының қызмет міндеттерін атқаруын бақылауға , өз құзіреті шегінде кітапханашыға орындалуы міндетті нұсқаулар мен өкімдер беру және олардың белгіленген мерзімде орындалуын бақылауға.
4.6.Мектеп басшылығына:
- кітапхана қызметін жетілдіру;
- кітапхананы материалдық-техникалық құралдармен: осы заманғы ақпараттық технологиялар құралдарымен ( компьютерлермен, автоматтандырылған кітапхана бағдарламалармен) , көшірмелеу-көбейту техникасымен ( сканермен, принтермен, ксерокспен), жиһазбен , кітапхана техникасымен (каталог кәртішкелерімен , каталог және кітап бөлгіштерімен және т.б. ), кітапхана қызметкерінің лауазымдық міндеттерін атқаруға қажетті кеңсебұйымдарымен жарақтандыру мен жаңғырту; кітапхана бөлмелеріне ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу;
- кітапханашының материалдық және моралдық көтермелеу , өзінің лауазымдық міндеттерін орындамаған немесе тиісті орындамаған кітапханашыға материалдық және тәртіптік жаза қолдану жөніндегі ұсыныстар енгізуге .
4.7.Мектеп кітапханасының даму жобасын әзірлеу мен жүзеге асыру жөніндегі жұмыс топтары мен комиссияларының құрамына енуге, оқу әдебиетімен қамтамасыз етуге .
4.8.Білім қызметкерлеріне арнап көзделген көтермелеу, марапаттау мен айрықша белгілердің әралуан нысандарына ұсынуға ; қызмет көрсету аймағының кеңейгені үшін жалақысына қосымша ақы мен жоғары жұмыс сапасы үшін үстемелер алуға.
4.9.Шағымдармен және өз жұмысына баға беретін басқа да құжаттармен танысуға , олар бойынша түсініктемелер беруге.
4.10.Аттестациядан өтуге және қолданыстағы құжаттарға сәйкес еңбекақы төлеудің едәуір жоғары разрядын алуға ұмтылуға.
4.11.Өз біліктілігін жүйелі түрде арттыруға: өңірдің мектеп кітапханашыларының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына, конференцияларға, семинарларға, біліктілікті арттыру курстарында оқуға ( 5 жылда бір реттен кем емес ) қатысуға , стажировкадан өтуге, басқа кітапханалардың кітапхана жұмысын ұйымдастыру проблемалары жөніндегі жұмыс тәжірибелерімен танысуға.
4.12.Оқырмандардың білім беру және педагогикалық ақпаратқа деген ақпараттық сұраныстарын аса толығымен қанағаттандыру мақсатында кітапханалармен , ғылыми ақпараттық органдармен , мекемелермен , ұйымдармен іскерлік байланыстарды орнатуға , қолдауға; кітапхана жұмысынөңірлік және /немесе республикалық әдістеме орталығымен үйлестіруге.
Жауапкершілігі
Кітапхана меңгерушісі:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленгендер шегінде өзінің лауазымдық міндеттерін , қызмет этикасын тиісті орындағаны немесе орындамағаны.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік , қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленгендер шегінде өз қызметін жүзеге асыру барысында жасалған құқық бұзушылықтар.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік , қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленгендер шегінде материалдық зиян келтіргені үшін дербес жауап береді.
Кітапханашының лауазымдық міндеті Омархан Шолпан
Жалпы ережелер
1.1.Орта білім беретін ұйымның кітапханашысы ( әрі қарай кітапханашы ) орта білім беретін ұйым (әрі қарай мектеп ) директорының бұйрығымен қызметіне мектеп кітапханасы меңгерушісінің келісімімен тағайындалып , одан босатылады және кітапхана меңгерушісіне тікелей бағынады.
1.2.Кітапханашы қызметіне :
- еңбек өтілі талап етілмейтін жоғары немесе орта кітапхана білімі;
- кітапханадағы жұмыс өтіліне талап қойылмайтын, әрі қарай курстық даярлығымен кітапхана білімдерінің минимумын тапсырғаннан кейінгі жоғары немесе орта педагогикалық білімі; әрі қарай курстық даярлығымен кітапхана білімдерінің мимимумын тапсырғаннан кейінгі арнаулы орта білімі бар тұлға тағайындалады.
1.3.Кітапханашы өз қызметінде :
- Қазақстан Республикасының Конститутциясын;
- білім мен мәдениеттің дамуын белгілейтін Қазақстан Республикасының Заңдарын ,Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің бұйрықтары мен өкімдерін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалықғылыми-педагогикалық кітапханасының (ҚР БҒМ РҒПК) әдістемелік ұсынымдарын;
- облыстық білім басқармасының, қалалық (аудандық) білім бөлімінің бұйрықтары мен өкімдерін;
- мектеп Жарғысын;
- мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;
- мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
- мектеп кітапханасы туралы Ережені;
- осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.
1.6.Кітапханашы :
- Қазақстан Республикасының Конститутциясын;
- білім мен мәдениеттің дамуын белгілейтін Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның уәкілетті құрылымдық бөлімшелерінің бұйрықтары мен өкімдерін ;
- облыстық білім басқармасының , қалалық(аудандық) білім бөлімінің бұйрықтары мен өкімдерін;
- мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін;
- кітапхана ісінің теориясы мен практикасын;
- отандық және шетел әдебиетін;
- еңбекті қорғау ,қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі қағидаларын білуі тиіс.
Функциялары
Кітапханашыға мынадай функциялар жүктеледі:
2.1.Білім беру ,ақпарат және мәдениет орталығы ретіндегі кітапхананың жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесу .
2.2.Кітапхана меңгерушісіне білім беру ұйымының оқу-тәрбие үдерісін,басшылықтың,педагогика ұжымының және оқушыларының ( әрі қарай пайдаланушыларының ) өздігінен білім алуын кітапхана және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету құралдарымен қамтамасыз етуге көмектесу .
2.3.Оқырмандарда тәуелсіз кітапхана пайдаланушысының дағдыларын қалытастыру:кітапты және басқа да ақпарат көздерін пайдалануға жәрдемдесу .
2.4.Дәстүрлі кітапхана-ақпарат технологияларын жетілдіру, жаңаларын меңгеру мен ендіруге қатысу .
Лауазымдық міндеттері.
Кітапханашы мынаған міндетті:
3.1.Кітапханада компьютер мен көшірмелеу-көбейту техникасы болған жағдайда техникалық құралдар мен ақпарат технологияларын жұмысқа ендіру мен пайдалануға.
3.2.Оқырмандарға қызмет көрсету үшін қолайлы және жайлы жағдай туғызуға , кітапхана бөлімдерінің эстетикалық безендірілуіне қатысуға .
3.3.Белгіленген талаптарға сәйкес құжаттарды техникалық және ғылыми өңдеу жұмысына қатысуға.
3.4.Кітапхананың анықтамалық-библиографиялық аппаратын:дәстүрлі кәртішкелік алфавиттік және жүйелі каталогтарды, мақалалардың жүйелі картотекасын, тақырыптық картотекаларды және олардың электронды нұсқаларын (электронды каталогты ) ұйымдастыруға және жүргізуге (оқушыладың жас ерекшеліктерін ескере отырып).
3.5.Оқырмандарға абонементте және оқу залында ұтырлы,сапалы саралы кітапхана және ақпарат-библиографиялық қызмет көрсетуді; оқу жылының басында оқулықтарды жаппай беру және соңында жинап алуды ұйымдастыруға және жүргізу;кітапхана күнделігінде қызмет көрсетудің күнделікті есебін жүргізуге .
3.6.Кітапхана жұмысының жеке, топтық және көпшілік нысандары мен әдістерін: әңгіме- сұхбаттарды , көрмелерді, библиографиялық шолуларды, кітаптарды талқылауды, оқырмандар конференциясын, әдеби кештерді, викториналар мен т.б. пайдалана отырып кітапхана қорын насихаттау жұмысына қатысуға .
3.7.Құжаттардың жүйелі-алфавиттік орналасуын оқырман-оқушыларға арналған тақырыптық және жанрлық кітап көрмелерін ұйымдастырумен үйлесімде жүзеге асыруға .
3.8.Кітапхана қорының сақталуы жөніндегі алдын алу шараларын қамтамасыз етуге және жүргізуге: еркін қолжетімділік жағдайында оқырмандарға берілген құжаттардың шығарылмауына тиісті бақылауды жүзеге асыруға; оқырман-оқушылармен және ата-аналарымен (олардың орнындағы адамдармен) әңгімелер өткізу; оқырмандардың құжаттарды уақтылы қацтаруын бақылауға ; мұғалімдермен және кітапхана активімен бірлесе отырып оқулықтардың сақталуы жөніндегі рейдтер жүргізуге; құжаттарды шағын жөндеуді ұйымдастыруға және т.б.
3.9.Қорды жүйелі тексерістерге, кітапхана қорынан тозған, ақаулы, мазмұны ескірген, басы артық дублетті, бейінді емес, аз қолданылатын және жоғалған әдебиеттерді қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге және мектеп директорының бұйрығына сәйкес шығарып тастауға қатысуға .
3.10.Тақырыптық ,атаулы, библиографиялық анықтамаларды орындау, олардың есебін жүргізуге.
3.11.Кітапхана оқырмандарына ақпарат таңдау мен іздестіруде кеңесшілік және нақты көмек (жеке,топтық, көпшілік ) көрсетуге.
3.12.Кітапхана қызметінің мониторингін (оқырман формулярларын талдау, кітапхана қорын пайдалану, кітаппен қамтылу, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіктері және т.т.) жүргізуге қатысуға.
3.13.Кітапхана жұмысына нақты көмек көрсету мақсатында оқырман-оқушылар қатарынан жасақталған кітапхана активінің жұмысына қатысуға .
3.14.Кәсіби сипаттағы жекелеген қосымша тапсырмаларды орындауға.
3.15.Еңбекті қорғау қағидаларын, қауіпсіздік техникасын және өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға; кітапхана қоры мен бөлмелерінің тиісті санитариялық жай -күйін қадағалауға.
3.16.Кітапханалардың озық жұмыс тәжірибелерін зерделеу және оны қолданысқа ендіруге.
2.17.Атқарған жұмысы туралы кітапхана меңгерушісінің алдында тұрақты түрде есеп беріп отыруға.
Құқықтар.
Кітапханашының мынадай құқықтары бар:
4.1.Кітапхана жұмысының перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеуге, кітапхана қорын құруға қатысу.
4.2.Оқырмандардан кітапхананы пайдалану қағидаларын сақтауды талап ету.
4.3.Кітапхана меңгерушісінен нормативті-құқықтық және ұйымдастыру-әдістемелік сипаттағы ақпаратты алу, лауазымдық міндеттерін тиімді пайдалануға қажетті тиісті құжаттармен танысады.
4.4.Кітапхана меңгерушісінің тапсырмасы бойынша мектеп директорының рұқсатымен мұғалімдерді, оқушылар мен ата-аналарын ( олардың орнындағы адамдарды) әдебиеттерді насихаттау жөніндегі кітапхана шараларын ұйымдастыру мен өткізуге қатыстыру.
4.5.Білім қызметкерлеріне арнап көзделген көтермелеу, марапаттау мен айрықша белгілердің әралуан нысандарына ұсынуға ; қызмет көрсету аймағының кеңейгені үшін жалақысына қосымша ақы мен жоғары жұмыс сапасы үшін үстемелер алу.
4.6.Шағымдармен және өз жұмысына баға беретін басқа да құжаттармен танысуға , олар бойынша түсініктемелер беру.
4.7.Аттестациядан өтуге және қолданыстағы құжаттарға сәйкес еңбекақы төлеудің едәуір жоғары разрядын алуға ұмтылу.
4.8.Өз біліктілігін жүйелі түрде арттыруға: өңірдің мектеп кітапханашыларының әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына, конференцияларға, семинарларға, біліктілікті арттыру курстарында оқуға ( 5 жылда бір реттен кем емес ) қатысуға , стажировкадан өтуге, басқа кітапханалардың кітапхана жұмысын ұйымдастыру проблемалары жөніндегі жұмыс тәжірибелерімен танысу.
Жауапкершілігі
Кітапханашы :
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасында белгіленгендер шегінде өзінің лауазымдық міндеттерін , қызмет этикасын тиісті орындағаны немесе орындамағаны.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік , қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленгендер шегінде өз қызметін жүзеге асыру барысында жасалған құқық бұзушылықтар.
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы әкімшілік , қылмыстық және азаматтық заңнамасында белгіленгендер шегінде материалдық зиян келтіргені үшін дербес жауап береді.
Мектеп кітапхананың қауіпсіздік ережелері
Әрбір оқушы және ата-ана қауіпсіздік ережесін міндеттері түрде білуі керек.
Қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау түрі қауіптің алдын алып, жарақат алудан немесе басқа оқыс жағдайлардың алдын алады.
ЕСКЕРТУ: Бөгде адамдардың көлігіне отыруға, бөгде адамдармен сөйлесуге тыйым салынған! Бейтаныс адамдарға есікті ашуға, электрқұралдарымен, қауіпті заттармен ойнауға болмайды. Жануарларға жәбір көрсетуге болмайды.
Міндетті түрде жол жүру ережесін сақтау қажет!
БАЛАЛАР БІЛУІ ТИІС:
- бұралқы жануарлармен ойнамау;
- дәрілерді, таныс емес заттарды қабылдамау, ішімдік, наша;
- рұқсатсыз су жағасына барма;
- бейтаныс ауданда серуендемеу, биіктіктен секірмеу;
- өткір, жарылғыш, жанғыш заттармен ойнамау;
- компьютер алдында көп отырмау;
- қоқыс, құрылыс алаңдарында, тас жол және темір жол маңатында жүгірмеу;
КАНИКУЛДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК
Құрғақ жапырақтарды жағуға тыйым салынады. Түтін денсаулыққа зиянды. От көрші ғимаратқа көшуі мүмкін. Шалшық суда жүгіруге болмайды. Суланған аяқ киім суық тиюге әсер етеді. Күзде жылы киіну қажет.
Ата-ананың рұқсатынсыз күзгі серуенге шығуға болмайды.
2021-2022, 2022-2023жыл жалпы кітап қоры
Көркем әдебиет саны-2666 |
Көркем әдебиет саны-1247 |
Оқулық саны-13889 |
Оқулық саны-12943 |
Электрондық оқулық саны-830 |
Электронды оқулық саны-780 |
Мектеп кітапхананың төл құжаты
2.Оқу залы |
1 |
3.Сақтау қоймасы |
1 |
4.Оқу залындағы орындықтардың саны |
20 |
Құрал-жабдықтар
1.Компьютер саны |
8 |
2.Монитор саны |
8 |
3.Системный блок саны |
8 |
4.Клавитура саны |
8 |
5.Парта саны |
12 |
6.Жұмсақ орындық саны |
2 |
7.Кітап сөрелер саны |
15 |
8.Көрмеге арналған кітап сөрелер |
17 |
9.Тумбочка |
1 |
10.Өртке қарсы |
1 |
11.Жылу құбырлары |
7 |
12.Лампа |
18 |
2020-2021, 2021-2022, 2022-2023жыл кітапхана іс-шарасы
Өткізілген іс-шаралар |
Сілтемесі |
Халықаралық балалар кітабы күніне орай «Ертегілер еліне саяхат» |
|
Онлайн кітап оқу |
|
«Оқуға құштар мектеп» жоба аясында Оқу сағаты әр сәрсенбі 20 минут оқу сағаты жалғасуда |
|
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл |
|
Мәншүк Маметованың туғанына100жыл |
|
Қысқы демалысқа арналған он кітап акциясы |
|
Кітапханадағы бір күнім |
|
20 минут кітап оқу |
|
Оқымысты сынып конкурстары |
|
Тәуелсіздік рәміздерге 30жыл |
|
Мемлекеттік рәміздер ұлттық мақтанышымыз |
|
1 Наурыз алғыс айту |
|
М.Мақатаевтың ақын өлеңдері |
|
«Каникулда кітап оқимыз» марафоны |
|
Ы.Алтынсарин 180 жыл «Ұлы даланың ұлы ұстазы» |
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=315345839944534&id=100044073614648&mibextid=Nif5oz |
Оқу сағаты |
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=307088727436912&id=100044073614648&mibextid=Nif5oz |
Қ. Мұңаитпасовқа 150 жыл |
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=302357601243358&id=100044073614648&mibextid=Nif5oz |
Қош келдің әз Наурыз |
|
«Сыйынар ем ана деген тәңірге» |
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=287146862764432&id=100044073614648&mibextid=Nif5oz |
Кітапханалық акциялар